Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Белградта өтеді

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Белградта өтеді
Күрес

Күрес түрлерінен 2023 жылғы әлем чемпионаты 16-24 қыркүйек күндері екініш жыл қатарынан Сербия астанасы Белградта өтеді. 


Біріккен күрес әлемі қауымдастығы (UWW) күрес түрлерінен 2023 жылғы әлем біріншілігін қабылдайтын елді анықтап, халықаралық доданы өткізу мүмкіндігін екінші жыл қатарынан Сербия астанасы Белградқа берді. Келер жылғы байрақты бәсекеде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 18 салмақ дәрежесі бойынша Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының 90 лицензиясы сарапқа салынады. 


Соңғы жылдары Белград күрес түрлерінің астанасына айналды. 2021 жылғы әлем чемпионаты өтпегендіктен, Әлем кубогі Сербияның бас қаласында өткен. 2022 жылғы әлем біріншілігін де Белград қабылдаған болатын.   


Жаһан біріншілігін өткізуге Әзербайжан және Түркия елдері де қызығушылық танытқан.