Роналду: "Мен Тен Хагты сыйламаймын"
"Манчестер Юнайтед" пен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Кришитану Роналду ағылшын журнлисі Пирс Морганға ашық сұхбат берді.
Сұхбатта португалиялық шабуылшы "Манчестер Юнайтедтің" бапкерлері мен клубтың дамуы туралы өз пікірін айтты.
"Манчестер Юнайтедтің" жасаған қарым-қатынасынан кейін өзімді сатқындыққа ұшырағандай сезінемін. Клубтағы барлық регресс үшін мен кінәлайтындарынан көңілім түседі. Кейбір адамдар менің бұл командада ойнағанымды қаламайды. Тек осы маусымда емес, өткен жылы да солай болған".
Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедте" бір жылдың ішінде үш бапкермен жұмыс істеп көрді.
"Ол менің жақын досым. Оған деген сыйластығым жоғары деңгейде", - деді португалиялық футболшы "Манчестер Юнайтедтің" экс-бапкері Уле-Гуннар Сульшер туралы.
"Ральф Рангник 10 жылдай уақыт бойы команда жаттықтырған жоқ. Ол қалай "Манчестер Юнайтедтің" бапкері болғысы келді? Мен Рангник туралы ешқашан естіген емеспін".
"Эрик тен Хаг? Мен оны сыйламаймын, өйткені ол мені құрметтемейді. Ал мені сыйламаған менің де құрметіме лайық емес".
"Клубта прогресс жоқ"
"Алекс Фергюсон клубтан кеткелі, командада өсу жоқ. Әлі күнге дейін ештеңе өзгерген жоқ", - деді Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедтің" дамуы туралы.
Ал Роналдуды жиі сынға алатын Уэйн Рунидің сөздеріне қатысты атақты футболшы келесідей пікір айтты:
"Оның маған неге жиі сын айтатынын түсінбедім. Мүмкін, бұл оның кәсіби мансабын аяқтауымен, ал менің әлі алаңға шығып, ойнап жүргеніммен байланысты шығар. Руниден мықтырақпын демеймін. Алайда бұл шындық".
Сондай-ақ, сұхбат барысында Криштиану Роналду ағылшындық клубтан кетуі әбден мүмкін екенін жеткізді.