Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының тізімі жарияланды

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының тізімі жарияланды
Футбол

19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Вахид Масудов футболдан Еуро-2023 іріктеу кезеңдерінің оқу-жаттығу жыиндарына шақырылған ойыншылар тізімін жариялады. 


Қазір футболшылар Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, ал одан кейін іріктеу кезеңі ойындары үшін Шотландияға жол тартады. 


Футболдан Қазақстан U-19 жастар құрамасының тізімі:


Қақпашылар: Никита Политик, Мирас Рихард (екеуі де – «Қайрат»), Тимур Носков («Ақсу»).


Қорғаушылар: Аслан Ахмедов, Александр Мрынский, Әмірали Оразбек, Сұлтан Асқаров, Сергей Иванов, Рамазан Кәрімов (барлығы – «Қайрат»), Әли Тұрганов («Оңтүстік»).


Жарлытай қорғаушылар: Әліби Мұхит, Мирас Оматай (екеуі де – «Қайрат»), Азамат Қалымбетов («Жас Қыран»), Нұрдәулет Байбосынов («Тараз»), Саламат Жұмабеков («Астана»), Давид Есімбеков («Жетісу»).


Шабуылшылар: Сэйф Попов, Ян Труфанов (екеуі де – «Қайрат»), Мұқағали Пангерей («Оқжетпес»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік»);


Еуро-2023 іріктеу кезеңінің ойын кестесі (матчтардың басталуы Астана уақытымен көрсетілген):

16 қараша, 20:00

Франция U-19 - Қазақстан U-19

19 қараша, 21:00

Шотландия U-19 - Қазақстан U-19

22 қараша, 19:00

Қазақстан U-19 - Исландия U-19