Қазақстан құрамасы Ibrahim Moustafa халықаралық турнирінде үздік шықты

Қазақстан құрамасы Ibrahim Moustafa халықаралық турнирінде үздік шықты
Күрес

12-13 қараша күндері Александрияда (Мысыр) грек-рим және еркін күрестен Ibrahim Moustafa турнирі өтті. Халықаралық додада бақ сынаған Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте топ жарды. 


Команданың қоржынына байрақты бәсекенің 5 алтын, 4 күміс және 7 қола жүлдесі түсті. 


Командалық есепте екінші орынға жарыс иесі Мысыр жайғасса, үздік үштікті Ирак құрамасы түйіндеді.