Billie Jean King Cup: Испания жарыс жолын аяқтады

Billie Jean King Cup: Испания жарыс жолын аяқтады
Теннис

Ұлыбританияның Глазго қаласында теннистен Билли Джин Кинг Кубогы жалғасып жатыр. С тобындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары Испания мен Ұлыбритания бір-бірімен кездесіп, топтан шығатын команда белгілі болды. 


Бұл топта айқын фаворит Испания құрамасы саналды. Өйткені, Испания құрамасы теннистен Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Алайда топтағы соңғы ойында корт иелері Испания құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, Әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтіп, нағыз сенсация жасады.


Ал Қазақстан құрамасы осы турнирде Ұлыбританияны 2:1 есебімен жеңіп, ал Испаниядан 3:0 есебімен ұтылып, жарыс жолын аяқтаған еді.