Жамила Бақбергенова UWW рейтингісінде көш бастады

Жамила Бақбергенова UWW рейтингісінде көш бастады
Күрес

Әйелдер күресінен маусым аяқталып, Біріккен күрес түрлерінің халықаралық федерациясы спортшылардың рейтингі мен жинаған ұпайларын жариялады. 

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғап жүрген Жамила Бақбергенова маусым қорытындысында 52 000 ұпай жинап, көш бастады. Ол биылғы маусымда қатарынан 13 рет жеңіске жетіп, Азия чемпионатында, Яшар Догу мен Болат Тұрлыханов рейтингілік турнирлерінде алтын алқа иеленді. Рейтингтегі бірінші орын үшін спортшыға 5000 доллар беріледі. 


Ал осы салмақтағы қорытынды рейтингте америкалық Амит Елор екінші орынға тұрақтаса, түркия Бусе Тосун Чавушоглу үздік үштікті түйіндеді. Екінші орын алған адамның еншісіне 3000, ал үшінші орынға 2000 доллар түседі.