Ярослава Шведова: "Жарыс кестесі қолайсыз болды"

Ярослава Шведова:
Теннис

Глазгодағы (Ұлыбритания) теннистен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдері құрамасы жарыс жолын аяқтады.

 

Алғашқы жарыс күнінде отандастарымыз Ұлыбритания құрамасын 2:1 есебімен жеңген. Ал әлемнің үздік құрамаларының бірі Испаниядан басмы түсу қолымыздан келмей, жалпы есепте 3:0 есебімен жеңілдік. Осылай, Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг Кубогының финалдық кезеңіндегі алғаш өнер көрсетуі осындай нәтижемен аяқталды. 


Испаниямен матчтан кейінгі баспасөз конференциясында команда капитаны Ярослава Шведова ұлттық құраманың турнирдегі ойынын қорытындылады:

"Команда Ұлыбританиямен болған матчта жақсы нәтиже көрсетті. Ал бүгінгі қарсыластарымыз өте мықты. Олар соына дейін күресті, есепте қарсыластарынан теңдей жүрді және жеңіс үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Әр ойынға тыңғылықты дайындалып, бәрі оңай болмайтынын жақсы түсіндік. Жарыс кестесі қолайсыздау болды. Кешегі ойыннан кейін қыздар күштерін толық қалыпқа келтіріп үлгермеді, ал Испания құрамасы бүгін алғаш рет кортқа шықты. Олар өте тәжірибелі қарсылас. Бірақ, біз соңына дейін ойнадық, әр мүмкіндікті жүзеге асыруға тырыстық. Алғашқы жарыс күнінде корт иелері Ұлыбритания жеңдік. Өзімізді қарсыластарымызға көрсеттік, біз оларды қарадық, қателіктерімізді де, мықты тұстарымызды да ескеріп, бүгінгі матчқа шықтық. Әрі қарай жұмысты жалғастырып, келесі кезедсулерге дайындаламыз", - деді теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова.