Рыбакина Бадосадан айласын асыра алмады
Теннис
Глазгода (Ұлыбритания) өтіп жатқан Билли Джин Кинг Кубогының екінші жарыс күнінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина испаниялық Паула Бадосадан жеңілді.
2 сағат 6 минутқа жалғасқан матчтың алғашқы сетінде Рыбакина әлемнің 13-ракеткасынан 2:6 есебімен жеңілді. Ал екінші сетте ойынды өз қолына алып, Бадосамен есепті теңестірген. Сет қорытындысы - 6.3. Алайда шешуші сетте біздің спортшы 4:6 есебімен испаниялық қарсыласына жол беріп, өз құрамасына ұпай сыйлай алған жоқ.
Бұл - екі спортшының бесінші рет бетпе-бет кездесуі. Бұған дейін өткізген төрт матчтың үшеуінде Бадоса басым түсіп, Елена Рыбакина тек бір рет жеңіс тойын тойлаған. Сондай-ақ, екі теннисші теке-тіресі әрдайым үш сетке жалғасқан.