Паула Бадоса Рыбакинаға баға берді
Теннис
Теннистен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты - Билли Джин Кинг Кубогы аясында бүгін Қазақстан құрамасы Испаниямен кездеседі. Испания құрамасының көшбасшысы Паула Бадоса Қазақстанның бірінші ракеткасына қарсы болатын матч туралы ойын айтты.
“Қиын матч болатыны белгілі. Биылғы маусым Рыбакина үшін сәтті болды. Ол - агрессивті ойыншы. Еленаға қарсы бірнеше матч өткіздім және алдағы ойынды да асыға күтудемін. Жылдам әрі теке-тіреске толы матч болары анық. Әр ұпай үшін жанымды салып ойнап, өз құрамама жеңіс сыйлауға тырысамын”, - деді испаниялық теннисші Паула Бадоса.
Теннистен Әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы Испаниямен ойнайды. Бұрын-соңды бұл екі құрама бір-бірімен бетпе-бет кездесіп көрмеген.