Команда Испаниямен болатын ойынның маңызын жақсы түсінеді - Ярослава Шведова

Команда Испаниямен болатын ойынның маңызын жақсы түсінеді - Ярослава Шведова
Теннис

Глазгода (Ұлыбритания) өтіп жатқан Билли Джин Кинг Кубогының алғашқы жарыс күнінен кейін, Қазақстан құрамасының капитаны Ярослава Шведова Ұлыбританиямен ойыннан кейін алғашқы жарыс күні туралы өз пікірін білдірді. 


"Өз командамды мақтан тұтамын. Бүгін өз қажетті ұпайларды алып, Ұлыбритания құрамасын өз алаңында жеңіп кеттік. Басты мақсатымыз жеңіске қол жеткізу болды және біз осы міндетті орындадық, қазір топта көш бастап келеміз. Ертеңгі ойын әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама кімге бұйыратынын шешетін маңызды матч екенін бәрі жақсы түсінеді. Команда әрі қарай өту үшін кортта жанын салып ойнауға әзір", - деді теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова. 


Әйелдер арасындағы теннистен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Ұлыбританияны 2:1 есебімен жеңгенін еске сала кетейік.