Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды

Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды
Бокс

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуіне тілек білдірді.

"Тезірек сауығып кет. Туғандарың мен жақындарың бекем болсын", - деп жазды спортшы өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Димаш Құдайбергенов те шетте қалмады. Әнші Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуіне тілекші екенін білдірді. 

"Қазақтың нағыз намысты жігіті!Алла шипасын берсін.Тезірек сауығып, отбасың мен еліңді қуантуға жазсын.Дұғадамыз…", - деп жазды Димаш әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Сондай-ақ, Suleimen Promotions компаниясы Instagram парақшасында спортшының денсаулығына қатысты жаңа мәлімдеме жасап, қолдау көрсеткені үшін баршаға алғысын білдірді.

"Құрметті қазақ елі және әлемнің түкпір-түкпірінен тілеулес болып, Айдос Ербосынұлының жағдайына алаңдаушылық білдірген барша жандар. Біз «Suleimen Promotions» ұжымы сіздерге осындай қиын кезде спортшымызды қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Бүгінде төткүл дүние боксшының тағдырына алаңдаулы. Сол себепті жекелей немесе әлеуметтік желі арқылы да өз қолдауларын көрсетуде. Қазір Айдостың денсаулығы сіздердің жылы сөздеріңіз бен дұға-тілектеріңіздің арқасында жақсарып келеді. Қазір бізге спортшының карьерасынан бұрын, денсаулығы маңызды. Айдос біз үшін нағыз чемпион. Батырымыз әлі-ақ ортамызға оралып, бұдан да жоғары биік белестерді бағындыратына сенімдіміз", - делінген ресми хабарламада.


Еске салайық, 6 қараша күні АҚШ-та өткен қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11КО) WBA-дің екінші орта салмақтағы «қарапайым» чемпионы – кубалық Давид Моррелмен (7-0, 6КО) жекпе-жекте нокаутпен жеңілген соң жасанды комаға түсті.