Billie Jean King Cup: Қазақстан әйелдер құрамасының дайындығы қызу үстінде
Теннис
Ертең, 8 қарашада Ұлыбританияның Глазго қаласында теннистен әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты Билли Джин Кинг Кубогы басталады. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы турнирге дайындықты бастап кетті. Назарларыңызға Қазақстан құрамасының Глазгодағы жаттығуларынан фоторепортаж ұсынамыз.
Теннистен Қазақстан құрамасында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, жұптық сындағы үздік теннисшілердің бірі Анна Данилина мен биыл ғана ұлттық құрама сапына өткен Жібек Құламбаева бар. Команда капитаны - Ярослава Шведова.
Ертең ұлттық құрама корт иелері Ұлыбритания құрамасымен, ал 9 қарашада Испания аруларымен шеберлік байқасады. Барлық матчтар елорда уақытымен 22:00-де басталады.
Фото: ktf.kz