Айдос Сұлтанғали - Әлем Кубогының қола жүлдегері

Айдос Сұлтанғали - Әлем Кубогының қола жүлдегері
Күрес

Әзербайжан астанасы Бакуде грек-рим күресінен Әлем Кубогы өз мәресіне жетті. Халықаралық додада Әлем құрамасы сапында бақ сынаған отандасымыз Айдос Сұлтанғали жылдың қорытынды бәсекесінің қола жүлдегері атанды. 

Биыл грек-рим күресінен Әлем құрамасы тұңғыш рет жасақталды. Оның құрамына күрес түрлерінен Белградтағы (Сербия) жаһан біріншілігінде үшінші орын алған айдос Сұлтанғали да енді. Әлем Кубогында ел намысын қорғаған спортшы түркиялық Муремин Ақтастан 7:1 есебімен басым түсіп, командасының қола жүлдеге қол жеткізуіне зор үлес қосты.