Аружан Сағындықова Антальядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Теннис
Team Kazakhstan академиясының тәрбиеленушісі, 17 жасар Аружан Сағандықова Түркиядағы ITF World Tennis Tour W15 сериясының жеңімпазы атанды.
Финалда Аружан мен Ю-Юн Ли (Қытайлық Тайбэй) жұбыресейлік Анастасия мен Рада Золотаревалады 7:5, 3:6, 10:4 есебімен жеңді.
Жекелей сында Аружан ширек финалға дейін жетіп, сербиялық спортшы Наталия Сеничқа жол берді – 6:3, 1:6, 5:7.
"Мен тіпті эмоцияларымды сипаттай алмаймын, өйткені ITF сериясындағы ересектер турнирінде дебюттік титулды жеңіп алдым. Бүгін мен үшін маусымдағы ең маңызды күні болған шығар. Өзім қалаған кубокты жеңіп алдым", - деді Аружан.
Аружан ересектер арасындағы турнирде алғаш рет жеңіске жетті.