Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы жарыстың жартылай финалына өтті
Теннис

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында Анталия қаласында (Түркия) өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жанель Рүстемова мен Сандуғаш Кенжебаева ширек финалда тунистік Әл Зейнаб – ресейлік Мария Сысоеваны 6:2, 6:3 есебімен жеңді. 

Жартылай финалда отандастарымыз тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова – қытайлық Ю-Юн Лимен шеберлік байқасады.

Қазақстандық-қытайлық жұп ширек финалда жарыстың 4-ракеткалары, Ресей спортшысы Ева Гаркуша – Швейцария өкілі Катерина Цыгуновадан 6:2, 4:6, 14:12 есебімен басым түсті. Үшінші, шешуші супер тай-брейкте Ева мен Катерина төрт матчболды пайдалана алмады.

Үшінші, шешуші супер тай-брейкте Ева мен Катерина төрт матчболды пайдалана алмады.

Сондай-ақ, Аружан Сағындықова жекелей сында алғаш рет ересектер арасындағы жарыстың ширек финалына шығып отыр. Аружан екінші айналымда швециялық Юлия Локвистті бет қаратпай ұтты – 6:3, 6:1.

Спортшы жартылай финалға шығу үшін бүгін сербиялық Наталия Сенич немесе жапониялық Кохару Ниимидің біреуімен таласады.