Грек-рим күресінен Әлем Кубогі: Қазақстан намысын Айдос Сұлтанғали қорғайды

Грек-рим күресінен Әлем Кубогі: Қазақстан намысын Айдос Сұлтанғали қорғайды
Күрес

5-6 қараша күндері Әзербайжан астанасы Бакуде грек-рим күресінен Әлем Кубогі кезеңі басталады. 

Екі күнге жалғасатын жарыстың А тобында Белградтағы әлем чемпионатында тұғыр биігінен көрінген Түркия, төртінші және бесінші орындарға тұрақтаған Иран және Қырғызстан елдерінің спортшылары бақ сынайды. 


Ал В тобында биылғы жаһан біріншілігінде екінші орын алған Әзербайжан елінің бозкілем шеберлері мен осы жылы тұңғыш рет жасақталған Әлем балуандарының құрамасы бар. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали осы Әлем балуандары құрамасында бақ сынайды. Бұл топта Сербия құрамасы да болған, бірақ олар кеше жарысқа қатыспайтындарын мәлімдеді. 


Айдос Сұлтанғали Белградта өткен Әлем чемпионатының 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегері атанғанын еске салайық. 

Әлем балуандары құрамасы: Нугзари Цурцумия (55 кг, Грузия), Айдос Сұлтанғали (60 кг, Қазақстан), Лери Абуладзе (63 кг, Грузия), Джони Хецуриани (67 кг, Грузия), Андрей Кулик (72 кг, Украина), Золтан Левай (77 кг, Мажарстан), Жалғасбай Бердімұратов (82 кг, Өзбекстан), Турпан Әли Бисұлтанов (87 кг, Дания), Кирилл Миленов-Милов (97 кг, Болгария), Мантас Княстаутас (130 кг, Литва).


Жарыс кестесі:

5 қараша

12:00 Түркия - Иран

Сербияның қатыспауы себебінен Әзірбайжан келесі кезеңге өтеді

19:00 Иран - Қырғызстан

21:30 Түркия - Қырғызстан

Әзербайжан - Әлем құрамасы (жеңгені финалға шығады)

6 қараша

Финал

Қола жүлде үшін талас