Рафаэль Надаль Париждегі турнирмен қоштасты

Рафаэль Надаль Париждегі турнирмен қоштасты
Теннис

31 қазан – 6 қараша күндері Парижде теннистен маусымдағы соңғы ATP Masters турнирі өтіп жатыр. 

Әлемнің екінші ракеткасы Рафаэль Надаль екінші кезеңде америкалық теннисші Томми Полдан 3:6, 7:6 (7:4), 6:1 есебімен жеңілді. Бұл – Надальдің 1/16 финалдан әрі аса алмаған екінші турнирі. Бұған дейін тамызда Цинцциннатиде өткен турнирде Надаль хорватиялық теннисші Борне Чоричтен де екінші кезеңде жеңілген.