Қазақстандық балуандар алғаш рет Ибраһим Мұстафа турнирінде күреседі

Қазақстандық балуандар алғаш рет Ибраһим Мұстафа турнирінде күреседі
Күрес

12-13 қарашада Мысырдың Александрия қаласында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған XXXIII халықаралық турнир өтеді. Бәсекеге Қазақстаннан тек грек-рим күресінің шеберлері аттанады. Олардың арасында тәжірибелі бозкілем шеберлерімен қатар бірқатар жас спортшы бар.

Құрама тізімі: Марлан Мұқашев (55 кг), Ернұр Фидахметов, Ернар Фидахметов (60 кг), Ғалым Қабдунасаров (63 кг), Дастан Зарлыханов, Мұхамедәлі Мамырбек (63 кг), Дінмұхамед Қошқар, Сұлтан Әсетұлы, Данияр Қаленов (үшеуі де – 67 кг), Ерасыл Нұрбосынов (72 кг), Демеу Жадыраев, Азат Садықов, Ибрагим Магомедов (үшеуі де – 77 кг), Жаңтас Нұрғали мен Бақдәулет Азамат (87 кг), Юсуф Мациев (97 кг), Антон Савенко мен Мансұр Шадукаев (130 кг);

Ұлттық құраманың бас бапкері – Серік Жұмашев. Аға бапкер – Григорий Камышенко.

Былтыр бұл турнир Шарм-эль-Шейх қаласында 13 елдің қатысуымен өткен.