Елордада қазақ күресінен Әлем чемпионатына іріктеу өтеді

Елордада қазақ күресінен Әлем чемпионатына іріктеу өтеді
Күрес

5 қараша күні Астанада қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында қазақ күресінен республикалық турнир өтеді.

Турнирдің мақсаты – 8 салмақ дәрежесінде еліміздің ең үздік балуандарын анықтау.

Жыл басынан бері 5 рейтингтік жарыс өткен еді. Сол жарыстардың қорытындысы бойынша әр салмақтың ең жоғары ұпай жинаған 8 балуаны анықталды. Елорда төріндегі боз кілемде тек осы үздіктер ғана белдеседі.

Сөйтіп, турнир соңында тек 8 салмақтың жеңімпаздары ғана марапатталады. Жеңістің биік тұғырына көтерілгендер «Дала қыраны» титулының иегері атанып, өз салмағының «Бас балуаны» атағына ие болады.

Сол сияқты әр салмақтың жеңімпаздары желтоқсан айында елордада өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.