Қарағанды үстел теннисінен Қазақстан Кубогын жеңіп алды

Қарағанды үстел теннисінен Қазақстан Кубогын жеңіп алды
Басқа

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Кубогы өз мәресіне жетті. 

Қарағандылықтар ерлер және әйелдер арасында бірінші орынға ие болды. Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков 3:0 есебімен былтырғы жылғы Кубок иелері - шығысқазақстандықтарды жеңді. Алматылықтар үшінші орынға ие болды. Олар павлодарлық команданы 3:1 есебімен жеңген болатын. 

Қарағандылық Александра Смирнова, Жанерке Қошқымбаева, Арай Ашкеева, Виктория Мочалкина Кубокты сақтап алды, олар финалда алматылықтарды 3:0 есебімен жеңді. Турнирдің қола жүлдесін астаналық қыздар иеленді. 

Ерлер.


1 орын Қарағанды облысы


2 орын Шығыс Қазақстан облысы


3 орын Алматы


4 орын Павлодар облысы


5 орын Шымкент


6 орын Абай облысы


7 орын Түркістан облысы


8 орын Астана.


Әйелдер.


1 орын Қарағанды облысы


2 орын Алматы


3 орын Астана


4 орын Түркістан облысы


5 орын Абай облысы


6 орын Шымкент


7 орын Маңғыстау облысы


8 орын Павлодар облысы