Фируза Шәріпованың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгіленді
Жекпе-жек
Бокстан бұрынғы екінші әлем чемпионы Фируза Шәріпованың ММА-да келесі жекпе-жегі өтетін күні мен орны белгілі болды.
Қазақстандық спортшы октагонға 18 қараша күні Алматыда өтетін Octagon 37 турнирінде өнер көрсетеді.
Айта кету керек, 29 шілдеде Шәріпова ММА-да дебют жасап, бірінші раундта тұншықтыру әдісі арқылы ресейлік Карина Ондасыновадан басымдығын танытты. Фирузаның кәсіби бокстағы жетістіктеріне келетін болсақ, ол IBA және WBU әлем чемпионы болды және өткен жылдың желтоқсан айында "абсолютті" чемпион атағы үшін жұдырықтасып, жеңілген болатын.