«Тобылмен» ойында чемпиондыққа ұмтылған «Қайраттың» жеңісті сериясы жалғаса ма

«Тобылмен» ойында чемпиондыққа ұмтылған «Қайраттың» жеңісті сериясы жалғаса ма
Футбол

«Қайрат» футбол клубы

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясында турнирлік кестенің көшбасшысы алматылық «Қайрат» өз алаңында қостанайлық «Тобыл» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Алматының Орталық стадионында өтетін матч жергілікті уақытпен 19:00-де басталады. 

Кездесудің бас төрешісі болып астаналық Саят Қарабаев тағайындалды.

Бұған дейін шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында елордалық «Астана» командасын 1:0 есебімен жеңген еді.