ҚФФ мен Қазақстанның киберспорт федерациясы меморандумға қол қойды

ҚФФ мен Қазақстанның киберспорт федерациясы меморандумға қол қойды
Футбол
Киберспорт
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен ҚР киберспорт федерациясының басшысы Қуанышбек Есекеев ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында ынтымақтастық бұқаралық шараларды ұйымдастыру арқылы футбол мен киберспортты дамыту бойынша ортақ бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын жолға қоюға бағытталған. Қос тарап ынтымақтасты нығайту мақсатында ортақ жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Біздің елімізде киберфутбол қарқынды дамып келеді. Соның басты бір айғағы Қазақстан құрамасының Копенгагенде өтетін «FIFAe Nations Cup» әлем чемпионатына шығуы. Қазақстан футбол федерациясының басты міндеттерінің бірі елімізде бұқаралық футболды дамыту. Киберспорт сол бағыттың бір бөлігі саналады.