"Барыс" ҚХЛ көшбасшысынан овертаймда жеңілді

Хоккей

"Барыс" - "Металлург". Сурет: "Барыс" ХК

ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті матчында "Барыс" өз айдынында магнитогорскілік "Металлургті" қабылдап, овертаймда жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.  

Матч есебін магнитогорскілік хоккейшілер ашып, екінші кезеңде таблодағы көрсеткішті 0:2-ге жеткізді. Осы екінші жиырма минуттықта астаналық команда сан басымдығы кезінде алдымен есеп айырмасын қысқартып, үшінші кезеңде таразы басын теңестірді. Ал овертаймда "Металлург" мықтырақ болып, екі ұпай олжалады. 

Осы ойыннан кейін "Металлург" 89 ұпаймен жалпы Лигада көш бастап тұрса, "Барыс" қоржынындағы 45 ұпаймен Шығыс конференциясында оныншы орында келеді. 

"Барыс" - "Металлург" 2:3 ОТ (0:1, 1:1, 1:0, 0:1)

0:1 – 06:04 – Исхаков (Минулин, Михайлис)

0:2 – 25:06 – Исхаков (Михайлис, Петунин)

1:2 – 35:17 – Томпсон (Веккьоне, Уолш) ГБ

2:2 – 54:39 – Уолш (Веккьоне)

2:3 – 60:47 – Барак (Смолин)

Қақпашылар: Бояркин – Смолин