32 жыл: Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында тарихи жүлде еншіледі
Қысқы спорт
Михаил Шайдоров. Сурет: Jamie Squire/Getty Images
Қазақстан араға 32 жыл салып қысқы Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Мәнерлеп сырғанауда ел намысын қорғаған Михаил Шайдоров Милан мен Кортинада өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында үздік атанды. Спортшы қос бағдарлама қорытындысында 291.58 ұпай еншілеп, Олимп шыңын бағындырды. Бұл - еліміз үшін тарихи жүлде. Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді.
32 жыл дегенде тұңғыш рет қысқы Олимпиадада Қазақстан әнұраны шырқалды. Михаил Шайдоров 1994 жылы Лиллехаммерде өткен қысқы Ойындарда тарихи нәтижеге қол жеткізген Владимир Смирновтан кейін Олимп шыңына шыққан алғашқы спортшы атанды.