Қазақстан ерлер құрамасына жаңа капитан тағайындалды

Қазақстан ерлер құрамасына жаңа капитан тағайындалды
Теннис

Диас Досқараев / Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасына жаңа капитан тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Команданың жаңа капитаны болып Диас Досқараев тағайындалды. Ол бұл қызметте Юрий Щукинді алмастырды. Диас Досқараев Қазақстан құрамасын 7 жыл бойы, 2012-2019 жылдар аралығында басқарған. Ол құраманы 2013, 2014 және 2015 жылы жаңа форматтағы Дэвис Кубогында финалдық кезеңге дейін жеткізді.