Айдос Сұлтанғали: Келесі мақсатым - Азия ойындарының алтын жүлдесі

Айдос Сұлтанғали: Келесі мақсатым - Азия ойындарының алтын жүлдесі
Күрес

ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында топ жарып, отандық күрес тарихында 26 жылдық үзілістен кейін әлем чемпионы атанды. Загреб қаласында өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы Bassport.kz тілшісіне алдағы мақсаттары мен 2025 жылдың өзі үшін несімен есте қалғанын айтып берді.

— 2025 жыл мен үшін әлем чемпионатының алтын жүлдесімен есте қалды. Жыл қорытындысында «Үздік спортшы» атағына ие болып, үлкен құрмет көрсетіліп жатыр. Ендігі басты мақсатым — 2026 жылы өтетін Азия ойындарында алтын жүлде жеңіп алу, — деді Айдос Сұлтанғали.

Айта кетейік, бүгін Айдос Сұлтанғали спорт саласының үздіктері марапатталған «Үздік-2025» салтанатты рәсімінде «Үздік спортшы» атағын иеленді.