Қазақ балуандары маусымды рейтингте нешінші орынмен аяқтады

Қазақ балуандары маусымды рейтингте нешінші орынмен аяқтады
Күрес

Айдос Сұлтанғали / Сурет: UWW

Күрес түрлерінен маусым өз мәресіне жетті. Маусым қорытындысы бойынша Біріккен күрес әлемі (UWW) үздік балуандардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еркін күрестен қазақстандықтардың ішінде үздік үштікке ең жақын болған - Асылжан Есенгелді (61 келіге дейін). Маусым қорытындысы бойынша ол 39 200 ұпаймен 4-ші орынға көтерілді. Камиль Куруглиев (92 келіге дейін) 8-ші орынға жайғасса, Нұрқожа Қайпанов (70 келіге дейін) 9-шы орында маусымды аяқтады.

Грек-рим күресінен төрт бірдей балуанымыз үздік ондықтың қатарында тұр. 2025 жылғы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) әлемдік рейтингтің 5-ші сатысына көтерілді. Оның еншісінде 45 000 ұпай бар. Мерей Мәулетқанов (72 келіге дейін) және Ислам Евлоев маусымды 6-шы орында аяқтаса, Әлімхан Сыздықов (130 келіге дейін) 10-шы орынға жайғасты.

Әйелдер күресінен үш балуанымыз Біріккен күрес әлемінің рейтингісінде ондыққа енді. Соның ішінде Жәмиля Бақбергенова (72 келіге дейін) үздік үштікке енуге жақын болды. Ол 31 500 ұпаймен 6-шы орында маусымды аяқтады. Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) 9-шы сатыға тұрақтаса, Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) 10-шы орынға ие болды.