“Барыс” қатарынан төртінші рет жеңілді
“Барыс” ХК
Астаналық “Барыс” сырт айдындағы қорытынды ойынын Новосібірде өткізіп, “Сібірден” жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Команда құрамына жарақатына байланысты ақпан айынан бері ойнағаман Никита Бояркин қайта оралды. Айдын иелері бірінші кезеңде 170 секунд ішінде “Барыс “ қақпасына үш шайба соқты. Екінші кезеңнің соңына таман Макс Уиллман есеп айырмасын қысқартқанымен, астаналық хоккейшілер камбэк жасай алмады. Ойынның қорытынды бөлігінде “Сібір” қазақстандық команданың бос қақпасын дәл көздеді - 4:1.
“Сібір” - “Барыс” - 4:1 (3:0, 0:1, 1:0)
1:0 – 14:40 – Косолапов (Приски, Уилсон) ГБ
2:0 – 15:21 – Неколенко (Кошелев, Приски)
3:0 – 17:30 – Абрамов 3:1 – 39:40 – Уиллман (Уолш)
4:1 – 58:14 – Чехович (Кошелев) БҚ
Қақпашылар: Красоткин – Бояркин