Футболдағы әйгілі қақпашы хоккейші ретіндегі мансабын қайта жаңғыртты

Футболдағы әйгілі қақпашы хоккейші ретіндегі мансабын қайта жаңғыртты
Хоккей

Петр Чех / Сурет: Simon Dael/Shutterstock

43 жастағы Петр Чех хоккейге қайта оралды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ол лондондық “Харингей Хаскис” клубымен келісімшартқа қол қойған. Команда Ұлыбританияның 4-дивизионында өнер көрсетеді. Бұл - оның мансабындағы бесінші клубы. Бұған дейін Петр Чех “Гилфорд Феникс”, “Челмсфорд”, “Оксфорд” және “Белфаст” командаларында ойнаған. 

“Челси”, “Арсенал” мен Чехия құрамасының экс-қақпашысы хоккейде де осы амплуада ойнайды.