Қазақ палуаны Нью-Йорктегі халықаралық турнирде күміс жүлде еншіледі
87 килограмм салмақ дәрежесінде күресетін қазақстандық грек-рим палуаны Нұржан Асан Bill Farrell International 2025 турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Жарысқа 30-дан астам елден 300-ге жуық спортшы қатысты.
Асан бірінші айналымда америкалық С. Rouleau-ды таза жеңді. Екінші кезеңде K. Karapetyan-нан басым түсті. Үшінші белдесуде Baronowski атты қарсыласын 30 секунд ішінде ұтты. Финалда Braunagelмен тартысты өткен матчта аз ғана айырмашылықпен жол берді.
Нұржан Асан 2024 және 2025 жылдары қатарынан осы турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Нұржан Асан — Жамбыл облысы, Көгершін ауылының тумасы. Ол 2021 жылғы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2022 жылғы әлем чемпионы, 2023 жылғы Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.