Бакудегі күрес түрлерінен U17 әлем чемпионаты аяқталды: Қазақстан қоржынында 8 жүлде бар

Бакудегі күрес түрлерінен U17 әлем чемпионаты аяқталды: Қазақстан қоржынында 8 жүлде бар
Жекпе-жек

UWW

Баку қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық балуандар аталған байрақты бәсекеде екі алтын, екі күміс, төрт қола медаль жеңіп алды.

Еркін күрес Бақдәулет Ағабек (48 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Мардан Орынбасар (60 келіге дейін) және Әділет Рысбай (71 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Грек-рим күресі Дияр Аманәлі (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты. Ал Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс жүлдеге иеленсе, Әлинұр Төлеуғали (71 келіге дейін) үшінші орын алды.

Әйелдер күресі Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Інжу Баққожа (46 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.