Елена Рыбакина алғаш рет WTA қорытынды турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина алғаш рет WTA қорытынды турнирінің финалына шықты
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA Finals турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Елена Рыбакина Жылдың қорытынды турнирінің жартылай финалында америкалық Джессика Пегуламен шеберлік байқасты. Матчтың алғашқы сетінде АҚШ өкілі 6:4 есебімен жеңіске жеткен. Алайда Рыбакина қалған екі сетте сенімді ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске жетті - 6:4, 6:3. 

Осылайша, тарихта тұңғыш рет қазақстандық теннисші WTA Finals турнирінің шешуші кезеңінде бақ сынайды. Оған қоса, Рыбакина осы жарыстың финалына шыққан үшінші азиялық теннисші. 

Жерлесіміз чемпиондық атақты Арина Соболенко - Аманда Анисимова матчының жеңімпазымен сарапқа салады. Финал 8 қарашада өтеді деп жоспарланған.