“Барыс” жеңілістер сериясын үзді
“Барыс” ХК
Астаналық “Барыс” өз айдынындағы ойындар сериясының үшінші матчында “Автомобилисті” қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Матчтың бірінші кезеңі нәтижелі шабуылсыз өтті. Екінші кезеңде Михаил Кравец бастаған ұжым есеп ашып, Дінмұхамед Қайыржан көзге түсті. Одан соң Мэйсон Морелли есеп айырмасын ұлғайтты. Екатеринбургтік команда көп ұзамай алғашқы шайбасын соғып, үшінші кезеңнің басында таразы басын теңестірді. Ал овертаймда Тайс Томпсон өз командасына жеңіс сыйлап, “Барыс” бес ойынға жалғасқан жеңілістер сериясын үзді.
“Барыс” - “Автомобилист” (0:0, 2:1, 0:1, 1:0)
1:0 - 23:54 - Қайыржан (Логвин, Уиллман) ГБ
2:0 - 28:35 - Морелли (Веккьоне, Бреус)
2:1 - 31:06 - Волк (Да Коста, Блэкер) ГБ
2:2 - 40:57 - Шаров (Голышев, Юдин) ГБ
3:2 - 63:45 - Томпсон (Уиллман)
Қақпашылар: Шутов - Аликин