Александр Бублик Париждегі жарысты сәтті бастады
Теннис
ҚТФ
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Париждегі ATP 1000 жарысын сәтті бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Алғашқы айналымда отандасымыз австралиялық Алексей Попыринмен сынға түсіп, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Келесі кезеңде спортшымыз Корентен Муте мен Райли Опелка матчының жеңімпазыпен кездеседі.