«Астана» футбол клубының қорғаушысы Кипрас Кажуколовас ауыр жарақаттан маусымнан шығып кетті

«Астана» футбол клубының қорғаушысы Кипрас Кажуколовас ауыр жарақаттан маусымнан шығып кетті
Футбол

Sport Plus Qazaqstan

Кипрас Кажуколовас тізе жарақатына байланысты «Астананың» қалған ойындарын өткізе алмайды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Футболшы бұған дейін де бірнеше рет тізесіне операция жасатқан. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жарақаттан кейін қалпына келу мерзімі 6 айдан 9 айға дейін созылады.

«Брайтонда» ойнаған 4 жылының 3,5 жылын жарақатпен өткізген. Қазір нақты ойын үстінде ме, әлде жаттығуда ма – ресми айтылмады.

Қалыпқа келуге орташа есеппен 6–9 ай қажет. Егер операция сәтті болса және оңалту жақсы өтсе, футболшы ойынға қайта оралады.  Бірақ жарақат жиі қайталанған жағдайда футболшының спорттың мансабына қауіп төнуі мүмкін.

Кажуколовас осы маусымда 22 матчқа қатысқан – яғни негізгі құрамдағы тұрақты ойыншы.