«Барыс» ҚХЛ клубтарының маусымаралық рейтингінде 10-орынға жайғасты

«Барыс» ҚХЛ клубтарының маусымаралық рейтингінде 10-орынға жайғасты
Хоккей

Zakon.kz

2025 жылғы маусымаралық кезеңнің алдын ала қорытындылары жарияланды. Bassport.kz порталы Telegram-дағы «Штаб хоккеиста» арнасына сілтеме жасап, ҚХЛ клубтарының жазғы трансфер кезеңіндегі ойыншыларды жоғалту көрсеткішіне негізделген рейтингін ұсынды.

Аталған рейтингке сәйкес, «Барыс» клубы 8 хоккейшісінен айырылып, 10-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш бойынша елордалық клуб «Трактор» және Мәскеу «Динамосымен» тең.

Маусымаралық кезеңде ең көп ойыншысынан айырылған клуб – СКА (16 ойыншы), ал ең аз жоғалту көрсеткіші «Автомобилист» және «Локомотив» клубтарына тиесілі – бар болғаны 3 хоккейші.

Жалпы рейтинг мынадай:

1. СКА – 16;

2. "Авангард" – 15;

3. ЦСКА – 13;

4. "Торпедо" – 13;

5. "Лада" – 12;

6. "Адмирал" – 11;

7. "Металлург" – 10;

8. "Сочи" – 9;

9. "Трактор" – 9;

10. "Барыс" – 8;

11. "Динамо" Москва – 8;

12. "Динамо" Минск – 7;

13. "Салават Юлаев" – 7;

14. "Амур" – 6;

15. "Сибирь" – 6;

16. "Северсталь" – 6;

17. "Куньлунь" – 5;

18. "Спартак" – 5;

19. "Ак Барс" – 5:

20. "Нефтехимик" – 4;

21. "Автомобилист" – 3;

22. "Локомотив" – 3.

Дереккөздің хабарлауынша, бұл нақты аяқталған мәлімет емес, маусым басталғанға дейін келісімшарттар бұзылуы әлі де жалғасуы мүмкін.