Бекзад Нұрдәулетов қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға өтті

Бокс
Vesti.kz
Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогында Қазақстан чемпионы Бекзад Нұрдәулетов алғашқы кездесуінде айқын жеңіске жетті.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол аустралиялық Лаклан Лоусонмен жұдырықтасып, жекпе-жекті төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен өз пайдасына аяқтады.
Бұл нәтижемен Нұрдәулетов жартылай финалға өтіп, кемінде қола медальді қоржынға салды. Ал қарсыласы Лоусон турнир жолын осы кезеңде аяқтады.
Айта кетейік, Бекзад Нұрдәулетов — 2019 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионы. Ал оның қарсыласы халықаралық аренада айтарлықтай жетістіктерге жетпеген, тек ұлттық жарыстарда көзге түскен.