Санжар Тәшкенбай қарсыласын ойсырата жеңіп, жартылай финалға жолдама алды

Бокс
Sport Plus Qazaqstan
Астанада өтіп жатқан World Boxing Кубогында Қазақстан боксшысы Санжар Тәшкенбай алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 22 жастағы спортшымыз ширек финалда жапониялық Содаи Котомен жұдырықтасып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті. Ал оның қарсыласы Кото турнирді жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай — 2023 жылғы әлем чемпионы. Сонымен қатар ол 2022 жылы Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанған.