Бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Астанадағы әлем кубогын сәтті бастады

Бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Астанадағы әлем кубогын сәтті бастады
Бокс

olympic.kz

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финал кезеңінде Балқыбекова АҚШ өкілі Дженнифер Лосаномен жұдырықтасып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Алуа Балқыбекова ширек финалға жолдама алып, жүлдеге бір қадам жақындады. Ал қарсыласы Лосано турнирдегі жолын осы кезеңде аяқтады.

Айта кетейік, Балқыбекова – қазіргі әлем чемпионы. Сонымен қатар, ол 2022 жылы әлем біріншілігінде күміс, ал 2023 жылы қола медаль еншілеген. Азия чемпионатында екі рет (2021, 2022) алтын жүлдегер атанған.