Назым Қызайбай өзбек боксшысын жарыс жолынан шығарды (ВИДЕО)

Бокс
ҚБФ
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай World Boxing Әлем кубогінің кезекті айналымында өзбекстандық қарсыласын сенімді түрде жарыс жолынан шығарды.
48 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Қызайбай Азия ойындарының чемпионы, тәжірибелі боксшы Фарзона Фозиловамен рингке шықты. Жекпе-жек басталғаннан-ақ Назым қарсыласын қыспаққа алып, үздіксіз шабуылға көшті. Техникалық және тактикалық тұрғыдан басымдық танытқан ол өз шеберлігін толық көрсетті.
Үш раунд бойы толық үстемдік құрған отандасымызға төрешілер бір ауыздан жеңісті берді.
Осылайша, Назым Қызайбай келесі кезеңге сенімді қадам жасады.