Өзбекстан кәсіпқой бокс рейтингінде Қазақстанды басып озды

Nova24.uz
BoxRec.com порталы әлемдегі ең көп белсенді кәсіпқой боксшылары бар елдердің жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Zamin.uz сайтына сілтеме жасап.
Жаңартылған мәлімет бойынша, Қазақстан топ-15 елдің қатарына енбей қалған. Ал көршілес Өзбекстан 497 белсенді спортшымен 10-орынды иеленіп отыр.
BoxRec методологиясына сәйкес, белсенді боксшы ретінде соңғы бір жыл ішінде кемінде бір кәсіби жекпе-жек өткізген спортшылар есепке алынады.
Рейтинг көшін Мексика (4192 боксшы) бастады. Одан кейін АҚШ (3478) және Жапония (1309) орналасты. Алғашқы ондыққа сондай-ақ Ұлыбритания (1068), Аргентина (834), Таиланд (798), Филиппин (773), Оңтүстік Африка (523), Аустралия (522) және Өзбекстан (497) кірді.
Топ-15 тізімін Ресей, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция және Нигерия түйіндеп тұр.