Дастан Сәтпаев рекорд жаңартты

Футбол
KFF
Сәтпаев ұлттық құрама сапында Кюрасаоға қарсы ойында дебютін өткізді.
Осылайша, ол ұлттық команда тарихындағы ең жас дебютант атанып отыр. Дастан алаңға 16 жас 7 ай 8 күнінде шықты, бұған дейінгі рекорд Жамбыл Көкеевке тиесілі еді.
Көкеев 2006 жылы 14 ақпанда Иорданияға қарсы ойында 17 жас 4 ай 25 күнінде ұлттық құрама сапында алғаш рет алаңға шыққан.