Денис Никиша қатарынан екінші жыл әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Басқа
ҰОК
Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша Бейжіңде (Қытай) өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Никиша 500 метрлік қашықтықта екінші орын иеленді. Ол жарысты 40,096 уақыт көрсеткішімен аяқтады. Алтын жүлде Канада өкілі Стивен Дюбуаға бұйырды (40,008), ал үздік үштікті Нидерланд спортшысы Йенс Ван Т’Ваут (40,163) қорытындылады.
Айта кетейік, Никиша өткен жылғы әлем чемпионатында да күміс жүлде еншілеген болатын. Ол – ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізген алғашқы қазақстандық шорт-трекші.