Бейбіт Жұқаев Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Теннис
ҚТФ
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 213-орын) Францияның Тьонвиль қаласында өтіп жатқан турнирдің алғашқы айналымында жеңіске жетті.
1/16 финал кезеңінде ол германиялық Макс-Ханс Ребергпен (243) кездесіп, 7:6 (7:4), 6:1 есебімен басым түсті. Кездесу бір сағат 16 минутқа созылды.
Айта кетейік, Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Лугано қаласында өтіп жатқан жұптық жарысқа да қатысуда. Қазақстандық спортшы украиналық Виталий Сачкомен бірге алғашқы айналымда финндік Патрик Никлас-Сальминен – Эмиль Руусувуори дуэтіне қарсы ойнайды. Бұл матч 5 наурызда Астана уақытымен 14:00-де өтеді.