Назгүл Маратова Ташкенттегі Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Назгүл Маратова Ташкенттегі Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Дзюдо

Қазақстандық дзюдошы Назгүл Маратова (+78 кг) Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Маратова екінші айналымда ресейлік Анастасия Холодилинаны тартысты белдесуде жеңсе, ширек финалда 1:0 есебімен минималды жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы медаль үшін күресті жалғастырады. Жартылай финалда оның қарсыласы Қытай өкілі Ниу Ксинран болады.