Томас Мюллер “Бавариямен” келісімшартын ұзартуға дайын

Футбол
Getty Images
Мюнхендік “Бавария” шабуылшысы Томас Мюллер клубтағы болашағына қатысты шешім қабылдады, деп жазады BasSport.kz.
Bild басылымының мәліметінше, 34 жастағы футболшы ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін келісімшартын ұзартуға дайын.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, Мюллер келесі маусымда негізгі құрам ойыншысы болмайтынын түсінеді және келісімшартты ұзарту үшін жалақысының төмендеуіне келісім бермек.
Тәжірибелі шабуылшы биылғы маусымда барлық турнирде 31 матч өткізіп, 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.
Қазіргі уақытта “Бавария” Бундеслигада чемпиондық үшін күресін жалғастыруда және 61 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр.