Бейбіт Жұқаев Луганодағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалды

Бейбіт Жұқаев Луганодағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалды
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (АТР рейтингінде 216-орын) Швейцарияның Лугано қаласында өтіп жатқан турнирдің жекелей сынынан бірінші айналымда шығып қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

1/16 финалда Жұқаев Нидерланд өкілі Мес Роттгерингпен (835-орын) кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 6:4, 6:7 (10:12), 6:7 (5:7) есебімен жеңіліс тапты. Қарсыластар кортта 2 сағат 46 минут бойы ойнады.

Айта кетейік, Бейбіт Жұқаев Лугано турнирінің жұптық сынында да өнер көрсетеді. Қазақстандық теннисші украиналық Виталий Сачкомен бірге америкалық Васил Кирков пен британдық Маркус Уиллис дуэтіне қарсы ойнайды. Кездесу 25 ақпан күні Астана уақытымен 17:00-де өтеді.