Олимпиада жүлдегері Ислам Сәтпаев ел чемпионатында топ жарды
![Олимпиада жүлдегері Ислам Сәтпаев ел чемпионатында топ жарды | BASSPORT Олимпиада жүлдегері Ислам Сәтпаев ел чемпионатында топ жарды](https://bassport.kz/storage/2025/02/03/ichKe95SdGHn6PY9LzIgASEvJqObX5JQGeE8Ig2l.jpg)
Басқа
Әлеуметтік желі
Шымкентте нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты ресми түрде басталды, деп хабарлайды BasSport.kz, Sport+ сілтеме жасап.
Бұл – мергендер үшін биылғы маусымның алғашқы жарысы. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жүлделерді сарапқа салды. Алтын – Алматы қаласының командасы: Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Алексей Клейменов. Күміс – Шымкент қаласының командасы: Никита Шахторин, Ринат Казаченко, Олег Носков. Қола – Павлодар облысының спортшылары: Руслан Загитов, Владислав Костенко, Артём Потрянко.
Жарыстың екінші күні осы бағдарламада әйелдер өзара мықтыны анықтайды.