Темірлан Ерланов «Тобылға» қайта оралады
Футбол
ФК “Тобыл”
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов «Тобыл» ойыншысы атанады, деп хабарлайды BasSport.kz, Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасай отырып.
31 жастағы футболшы костанайлық клубқа оралып отыр. Ол «Тобыл» сапында 2020 жылғы маусымда өнер көрсеткен болатын. Ерлановтың алдыңғы клубы – 2023 жылғы маусым алдында қосылған шымкенттік «Ордабасы».
Қорғаушы дебюттік маусымында шымкенттік командамен бірге Қазақстан чемпионы атанды.
Сонымен қатар, Темірлан Ерланов өз мансабында «Восток» және «Ақтөбе» клубтарының намысын қорғаған.